Бразилияда соңғы 80 жылда болмаған құрғақшылық тіркелді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бразилияда адам тығыз орналасқан жерлер құрғақшылықпен күресуде. Мұндай жағдай елде 1930 жылдан бері болмаған, деп мәлімдеді елдің қоршаған ортаны қорғау бойынша министрі Изабелла Тейшейра.

Бразилияда соңғы 80 жылда болмаған құрғақшылық тіркелді

Сан-Паулу, Рио-де-Жанейро және Минас-Жерайс штаттарында адамдар ауыз суды үнемдеуге мәжбүр, - деді ол.

ВВС хабарлағандай, елдегі жағдайды министр оңай емес деп бағалаған.

Құрғақшылықтан ауыл шаруашылығы зардап шекпек. Бұл Бразилияның экономикасына теріс әсер ететіні сөзсіз. Құрғақшылық гидроэлектростансаларындағы энергияны өндірудің қысқаруына байланысты энергетикаға да әсер етеді.