Бразилияда стадион құрылысын тоқтату мәселесі төтесінен қойылды

АСТАНА. 16 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бразилиялық Манаус қаласының прокуратурасы «Арена Амазония» стадионында барлық құрылыс жұмыстарын дереу тоқтатуды талап етті.

Бразилияда стадион құрылысын тоқтату мәселесі төтесінен қойылды

Атап айтқанда, бұл спорттық нысанда футболдан алдағы Әлем чемпионатының топтық турнирінің төрт матчы өтуі тиіс.

Жақында осы стадионның құрылысы барысында жұмысшы опат болған еді.

22 жасар Марклеудо де Мело Феррейра кабельдің үзілуі салдарынан 35 метр биіктіктен құлғаннан кейін, Манаус қаласының ауруханасында қайтыс болды.

Белгілі болғандай, стадиондағы құрылыс жұмыстары жоспардан қалыс келе жатқандықтан, ондағы жұмыстар тәулік бойы жүргізілуде. ФИФА шешіміне сәйкес стадион биылдың соңына дейін тапсырылуы тиіс екен.

Биліктің пайымынша, адамдар тым қатерлі жағдайда жұмыс істеуде және құрылысты уақытында аяқтау қажеттілігі адамдардың өліміне түсінік бола алмайды.