01:44, 09 Мамыр 2012 | GMT +5
Бразилияда су тасқынынан 74 мың отбасы зардап шегуде
АСТАНА. 9 мамыр. ҚазАқпарат - Бразилияның ірі Амазонас штатында наурыз айынан бері толассыз жауған жауын салдарынан өзендер арнасынан асып, су тасқыны күшейді, деп хабарлайды «Хабар» агенттігі.

Табиғи апаттан кемінде 74 мың отбасы зардап шегуде. Қазіргі уақытта су деңгейі біраз төмендегеніне қарамастан, елді-мекендердің кейбір бөліктері су астына кеткен. Кейбір тұрғындар өсірген өнімінен айрылған. Сондай-ақ, жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, санитарлық нормалардың нашарлығы салдарынан сырқаттанғандардың саны күрт өсіп кетті. Апат өтінде қалған 32 қала басшылығы үкіметке жүгініп, аймақтық және федералды деңгейде көмек сұрады. Дегенмен зардап шеккендерге тиісті көмек көрсетіліп, азық-түлік, ауыз-су мен керек жарақ заттар жеткізілуде.