Бразилияда тікұшақ апатынан 5 адам опат болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бразилияның Сан-Паулу штатында тікұшақ апаты салдарынан бес адам ажал құшты. Бұл туралы полиция қызметкерлері хабарлады, деп жазады ТАСС.

Бразилияда тікұшақ апатынан 5 адам опат болды

Әуе көлігінің бортында бақуатты бизнесменнің отбасы болған, ол екі жасар сәбиінің дене қызуы көтерілген соң Сан-Паулудағы ауруханаға жетуді көздеген. Ол үшін осы жанұя рождестволық мерекелерді атап өтіп жатқан мұхит жағалауындағы шипажайға шұғыл AS-350 тікұшағы шақырылған. Тікұшақ белгісіз себептермен басқаруға көнбей, ұшып шыққан аймағынан 5 шақырым қашықтықта жерге құлап, өртенген. Оның бортында болған адамдардың барлығы қаза тапты. Оқиғаны тергеу басталды.