Бразилияда тұманның салдарынан 160-тан астам көлік соқтығысты

АСТАНА. 16 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бразилия мегаполисі Сан-Паулуға жақын тасжолда бейсенбі күні, 15 қыркүйекте 160-қа тарта көліктің қатысуымен жол апаты болды, деп хабарлайды Life News.
None
None

Ultimo Segundo хабарлағандай, ЖКО ауа райының қолайсыздығынан болған.

Апат химикат тиеген жүк көлігінің жүргізушісі көлікті басқара алмай, қарсы жолға шығып кетуінен басталған. Онда ол бірнеше жеңіл көлікпен соғысады. Жер бедерінің күрделiлігі мен күштi тұманның салдарынан ЖКО-ға қатысушылардың саны жылдам артып кетеді: жоғары жылдамдықпен келе жатқан автокөліктер тоқтап үлгермеген, деп хабарлайды Лента.ру.

Алдын ала дерек бойынша 1 адам қаза тауып, 25-сі ауруханаға жеткізілді, олардың екеуі хәл үстінде жатыр.

Соңғы жаңалықтар