Бразилияда туристер мінген автобус жардан құлап, 32 адам ажал құшты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бразилияның оңтүстігінде Санта-Катарина штатында туристер мінген автобус жардан құлап, 32 адам қаза тапты, тағы 11-і жарақаттанды.
Алдын ала деректерге қарағанда, автобуста 52 жолаушы болған. Оқиға орнында құтқарушылар бригадасы жұмыс істеуде. Келеңсіз жағдайдың себеп-салдары тексерілуде , деп хабарлайды Би-би-си. Шамасы, автобус жүргізушісі рульге ие бола алмай қалған.