Бразилияда түрмеде отырғандар бүлік шығарып, 170 адамды кепілге алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бразилиядағы Парана штатында түрмеде отырған сотталушылар дүйсенбі күні бүлік шығарып, 170-тен астам адамды кепілге алды.

Бразилияда түрмеде отырғандар бүлік шығарып, 170 адамды кепілге алды

Бразилия теледидарының деректеріне сүйенсек, кепілге алынған адамдардың арасында - 12-сі пенитенциарлық мекеменің қызметкерлері. Олардың барлығын лыпасыз күйінде Гуарапуава қаласындағы түрменің шатырына шығарған.

Бүлік себебі әзірге анықталған жоқ, алайда Бразилияда мұндай оқиғалар түрмедегі адамдардың шамадан тыс көптігінен және жағдайдың нашарлығынан жиі орын алады.