Бразилияда ұшақ апатқа ұшырады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бразилияның Балсас қаласында «Эмбраер-620» екі моторлы ұшағы тұрғын үйдің үстіне құлады, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.

Бразилияда ұшақ апатқа ұшырады

Құтқарушылардың айтуынша, ұшақтағы 5 адамның барлығы да қаза тапты. Керісінше, ұшақ құлаған үйде тұратын 3 адам үйдің басқа бөлігінде болғандықтан тірі қалған.

Медициналық жедел жәрдем көрсететін мекемеге тиесілі ұшақ дәл сол рейсте ауруларды алып келе жатқан.