Бразилияда ұшақ үйдің үстіне құлап, үш адам мерт болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүйсенбі күні Бразилияның Сан-Паулу штаты Сан-Жозе-ду-Риу-Прету муниципалитетіндегі тұрғын үйге шағын ұшақ құлап, бортта болған үш адам қаза тапты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Бразилияда ұшақ үйдің үстіне құлап, үш адам мерт болды

Фото © РИА Новости/Александр Вильф

Сан-Паулу өрт қызметінің дерегі бойынша, ұшақ құлаған үйдің ішінде де адамдар болған, алайда олар зардап шекпеген.

«Барлығы үш адам қаза тапты», - делінген штаттың өрт сөндіру қызметінің Twitter-дегі хабарламасында. Ажал құшқандардың жасы 30-59 аралығында болған.

Ұшақтың құлау себебі әлі хабарланған жоқ. 


Фото  РИА Новости/Александр Вильф