22:42, 12 Наурыз 2017 | GMT +5
Бразилияда зейнеткерді 500 рет ара шағып қайтыс болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бразилияның Президенти-Олегариу муниципалитетінде зейнеткерді бал аралары 500 рет шаққан соң қайтыс болды, деп хабарлайды Лента.ру.

Өзінің үйінің маңайында отын жинап жүрген 84 жасар Дивину Амброзио де Хесуске бал аралары шабуылдаған.
Ол аралардың тыныштығын бұзғандығын байқамай да қалған. Оқиға 2 наурыз күні болған. Алайда БАҚ өкілдері бұл оқиға туралы тек енді ғана жазып отыр. Зейнеткерді оған бал аралары шабуылдап жатқан кезде байқап қалған. Куәгер құтқарушыларды шақырып, олар зейнеткерді аралардан ажыратып алғанша, жарты сағаттан астам уақыт өтіп кеткен.
Зардап шеккен әйел алған жарақаттарынан ауруханада жатып келесі күні көз жұмды.