Бразилияда жол апатынан 15 адам қаза тауып, отызы жарақаттанды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бразилиядағы Парати қаласында автобус жол апатын түсіп, салдарынан 15 адам қаза тапты, деп хабарлайды Би-Би-Си.
Сондай-ақ жергілікті полицияның хабарлауынша, 30-дан астам адам зардап шеккен.
Қазіргі кезде көлік апаты болған жерде құтқарушылар жұмыс жасап жатыр. Апат себептері анықталуда. Фото: ЕРА