Бразилияда жол эстакадасының апатынан адамдар құрбан болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бразилиялық Белу-Оризонти қаласында жол эстакадасының опырылуы салдарынан 2 адам ажал құшып, 19-ы зардап шекті.
ВВС-дің жазуынша, магистральдің құлауы кезінде оның астынан өтіп бара жатқан бірнеше көлік қатты зақымданған.
Белу-Оризонтиде алдағы аптада футболдан әлем чемпионатының жартылай финалының ойыны өтуі тиіс. Бұл эстакада биылғы әлем чемпионаты қарсаңында қаладағы инфрақұрылымды жақсарту жоспары аясында тұрғызылған болатын.