Бразилиядағы әлем чемпионаты матчтарында күн қатты ысыған кезде үзіліс жарияланады
АСТАНА. 6 желтоқсан. ҚазАқпарат - Егер стадиондағы ауаның температурасы 32 градустан жоғарыласа бұл ереже күшіне енеді.
Қатты ыстық кезде үзіліс ойынның әрбір 30 минуты сайын жарияланып отырады. Бұл уақытта футболшылар шөлдерін басып, қалыпты жағдайға түсе алады, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.
Турнир 2014 жылдың 12 маусымынан 13 шілдеге дейін Бразилияның 12 қаласында өтеді. Болжам бойынша, бұл кезде Наталь, Форталеза, Ресифи мен Манауста ауа температурасы 32 градустан жоғарылайды. Тек Сан-Паулу мен Рио-де-Жанейрода ғана күн райы бұдан төмен болады.