Бразилиядағы Халықаралық футбол академиясына қазақстандық жасөспірімдердің екінші тобы аттанбақ

Олар 9 ай бойы аяқдоптың қыр-сырын меңгеретін болады. Одан кейін Қазақстанда 3 айлық жазғы демалысты өткізіп, Бразилияда қайта сапар шегеді. Онда 3 жыл бойы дайындықтан өткен соң олар кәсіби футболшы ретінде елге оралатын болады.
Мәселен Бразилияның Халықаралық футбол академиясында тәлім алған алғашқы топтағы 1995 жылы туған қазақстандық жасөспірімдер 3 жылдық бұл оқу орнын өткен жылы аяқтаған болатын. Олардың арасынан Рауан Сариев пен Берік Шайхов «Оле Бразил» клубының жасөспірімдер құрамасында өнер көрсетті. Бүгінгі таңда Рауан «Алтетико Манейро» клубында өнер көрсетуде. Ал 15 ойыншы Қазақстан чемпионатында Бірінші лигада өнер көрсетіп жүрген «Астана-64» командасында ойнап жүрсе, өзгелері бұл күнде «Атырау,» «Ақжайық», «Ақтөбе» футбол клубтарымен келісім-шарт жасасты.