Бразилиядағы химиялық қоймада жарылыс болды, зардап шеккендер бар

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бразилияның Сантус қаласындағы химиялық заттар қоймасында жарылыс болды. Жақын маңдағы үйлердің тұрғындары қауіпсіз жерге шығарылды, қалған азаматтарға үйден шықпауға кеңесі берілді, деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі.

Бразилиядағы химиялық қоймада жарылыс болды, зардап шеккендер бар

Қойманы меншіктеуші компанияның ақпаратына сенсек, жарылыс қоймада сақталып тұрған қышқыл мен зарарсыздандырғыш дәрі-дәрмектердің жауын суымен араласуы салдарынан болды.

Апаттан зардап шеккен 60-тан астам адам ауруханаға жеткізілді. Өрт сөндірушілер жалынмен арпалысып жатыр. Химиялық заттар тұрған 16 контейнер отқа оранған.

Жарылыстан кейін қала үстінде улы заттардан тұратын қою бұлт пайда болды.

Қала басшысы Сантус тұрғындарын жауын кезінде үйден шықпауға кеңес берді. Өйткені тамшылардың құрамында зиянды химиялық элементтер болуы мүмкін.

Сантуста қаласында Бразилияның басты порттарының бірі орналасқан.
Фото: взрыв в Бразилии (EPA)