Бразилиядағы көшкіннен қаза болғандардың саны 482 адамға жетті
АСТАНА. 14 қаңтар. ҚазАқпарат - Бразилияның Рио-де-Жанейро штатында болған көшкіннен қаза болғандардың саны 482 адамға жетті, деп хабарлайды Рейтер агенттігіне сілтеме жасаған РИА жаңалықтар агенттігі.
Бұдан бұрын 423 адамның қаза болғандығы туралы хабарланған болатын
Агенттіктің хабарлауынша, Рио штатының солтүстігінен 90 шақырым жерде, тауда орналасқан Терезополис қаласында 200-ден астам адам опат болды. Оқиғаны көзбен көрушілердің мәліметінше, жергілікті мәйітханада орын жетіспей, адам денелері қала орталығындағы полиция бөлімшесінің алдына жеткізіліп жатыр.