Бразилиядағы ҚР Елшісі Сыртқы байланыстар министрлігінің Бас хатшысымен кездесті

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылы 18 сәуірде Қазақстан Республикасының Елшісі Қайрат Саржанов Бразилия Федеративті Республикасының Сыртқы байланыстар министрлігінің Бас хатшысымен кездесу өткізіп, онда сенім грамоталарының көшірмесін тапсырды.

Бразилиядағы ҚР Елшісі Сыртқы байланыстар министрлігінің Бас хатшысымен кездесті

Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесуде Қазақстан елшісі «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспарының негізгі бағыттары жайлы мәлімдеді. Қазақстандық дипломат екіжақты ынтымақтастықтың оң қарқынын айтып, сауда-экономикалық және инвестициялық ықпалдастықты кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.

Өз кезегінде Бразилияның Сыртқы байланыстар ведомствосының Бас хатшысы Елшіні тағайындалуымен құттықтап, жемісті жұмыс тіледі.