Бразилиядағы наразылық шеруі кезінде CNN тілшісі жараланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бразилияда футболдан әлем чемпионатының өткізілуіне қарсы наразылық шеруі әлі басылмай тұр. Дүбірлі доп додасының ашылу матчы басталар алдында Сан-Паулу көшелеріне жиырма шақты шеруші шығып, ашылу салтанатын бұзбақ болған.

Бразилиядағы наразылық шеруі кезінде CNN тілшісі жараланды

Бұл туралы kp.ru жазады.

Олар «Итакеран» стадионына басып кірмекке талпынған. Соның салдарынан сақшылар мен олардың арасында ұрыс орын алған. Құқық қорғаушылар тіпті наразылық білдірушілерге қарсы көзді жасаурататын газ қолданған.

Алдын ала мәліметтер бойынша, ұрыс салдарынан 5 адам жарақат алған. Зардап шегушілердің арасында CNN корреспонденті Барбара Арванитидис те бар көрінеді. Ол аяғына әлдененің жарықшағы тиіп, ауруханаға жеткізілген.