Бразилиядағы сурдлимпиадада Қазақстан қоржыны екі медальмен толықты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бразилияның Кашиас-ду-Сул қаласында өтіп жатқан 24-ші жазғы сурдлимпиадалық ойындарда Қазақстан қоржыны екі медальмен толықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Дене шынықтыру және спорт комитетінің дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы мәлім еткеніндей, Анна Краморова мен Сабыржан Хапизов сурдодзюдодан жүлдегерлер қатарынан көрінді.
А.Краморова 78 келіге дейінгі салмақта жарыс барысында түркиялық және моңғолиялық балуандарды ұтты. Тек финалда оңтүстіккореялық спортшыға есе жіберіп, күміс медальді қанжығасына байлады.
Ерлер арасында С.Хапизов 100 келіге дейінгі салмақта үздік үштікке ілікті.
Сондай-ақ Ермек Жәнібекұлы (90 кг), Ләззат Бақтиярова (63 кг) және Әсел Мақсұтова (70 кг) бесінші орынға ие болды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақсандық спортшының Бразилиядағы сурдлимпиадалық ойындарда қола жүлдегер атанғанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ қазақстандық дзюдошылар тағы 3 медальді жеңіп алды.