00:50, 21 Шілде 2015 | GMT +5
Бразилиядағы Тиете өзенінің көбігі Сан-Паулу көшелерін басып қалды (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бразилиядағы Сан-Паулу қаласының көшелерін Тиете өзенінен сыртқа толассыз ақтарыла шыққан көбіктер басып қалды, деп хабарлайды billionnews.ru.
Көбіктерден шыққан жағымсыз иіс туристерді де, жергілікті тұрғындарды да әбіржітіп жатыр. Шамасы, ақ көбік Тиетенің жоғары жағында орналасқан су-электр стансасынан шыққан қалдық сулардың өзенге құйылуынан пайда болса керек. Сондай-ақ осы келеңсіз жағдай кейінгі кездері өзен суының қатты ластанғанына айғақ болып отыр.