Бразилияға ОПЕК-ке кіруге ұсыныс жасалды

МӘСКЕУ. Наурыздың 24-і. ҚазАқпарат – Бразилияға Мұнай экспорттаушы елдер ұйымына (ОПЕК) кіруге ұсыныс жасалды.

Бразилияға ОПЕК-ке кіруге ұсыныс жасалды
Бұл туралы ірі латынамерикандық елдің энергетика министрі Эдисон Лобао мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап.Ол мұндай ұсыныс бұдан бір апта бұрын Венада айтылғанын атап өтті, бірақ кімнің аузынан шыққаны туралы ештеңе демеді. Лобаоның айтуынша, егер Бразилия тапқан жаңа мұнай кеніштерін игеретін болса, ОПЕК-ке кіруі мүмкін.Естеріңізге сала кетейік, 2008 жылғы қыркүйекте Бразилия Иран мен Сауд Арабстанының ОПЕК-ке кіру жөніндегі ұсынысын қайтарып тастаған болатын. Сол кезде Лобао ел мұнайды экспорттауға емес, өңдеуге мүдделі екенін мәлімдеген еді. Соңғы жылы Бразилия көптеген ірі су асты мұнай кеніштерін ашты және енді елеулі энергетикалық держава мәртебесіне үміткер бола алады.