13:14, 11 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Бразилиялық әнші өзінің мерейтойлық концертін Астанада өткізді
АСТАНА. Қыркүйектің 11-і ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Кеше, қыркүйектің 10-ы күні елордадағы Бейбітшілік пен келісім сарайының сахнасында Бразилия елінің белгілі әнші-әртісі Фафа де Белем ән шырқап, астаналық көрермен қауымға өзінің мерейтойлық концертін ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бразилияның ұлттық күні мерекесі аясында өткен Фафа де Белемнің концерті Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылды. Оған қарамастан, іс-шараға жиналған қауым бразилиялық әншіні қызу қол шапалақпен қарсы алып, оның шығармашылық өнеріне тәнті болды. Өз сөзінде Фафа де Белем қазақстандық көрермендерге ризашылығын білдіріп, Астананың сахнасында тағы бір мәрте ән шырқауға ниетті екендігін жеткізді. «Биыл мен Бразилияның ұлттық күні мерекесімен бірге өзімнің шығармашылық мерейтойымды атап өтудемін. Сондықтан менің осы концертім қазақ халқына сыйлаған мерейтойлық концертім деп есептеуге болады», - деді Фафа де Белем.