Бразилиялық әншіні сахна төрінде атып кетті

АСТАНА. 8 шілде. ҚазАқпарат - Сан-Паулу штаты Кампинас қаласындағы залдың бірінде жұртшылыққа MC Daleste атымен танылған, бразилиялық музыкант Даниэл Пеллегриниді сахна төрінде өлтіріп кетті. Бұл туралы латынамерикалық БАҚ-қа сілтеме жасап Утро ру хабарлайды.
None
None

Полиция қайғылы оқиғаға тергеу жүргізуде, олар оқиға болған жерде түсірілген бейнежазбалар мен ғаламторда жүктелген жазбалардың істі анықтауға көмектесуі мүмкін деп хабарлап отыр. Бейнежазбада MC Dalestе-нің тыңдармандарына арнап сөз сөйлеген сәтінде оқ атылып, әншінің өмірмен қоштасқаны анық көрінеді.

MC Daleste жергілікті жастардың арасында үлкен сұранысқа ие «фанк» стиліндегі орындаушы болды.

Соңғы жаңалықтар