Бразилиялық Барбоза футзал құрамасын жаттықтырады

АСТАНА. 17 қаңтар. ҚазАқпарат - Футзалдан Қазақстан құрамасына жаңа бапкер тағайындалды. Бұл туралы «Аламан» агенттігі хабарлайды.

Бразилиялық Барбоза футзал құрамасын жаттықтырады

Шағын футболдан енді біздің жігіттерді бразилиялық бапкер Жоао Карлос Барбоза баптайды. Бұл маман қазір Алматының «Қайрат» командасын жаттықтырады. Барбоза «Қайрат» пен ұлттық құраманы бірдей баптай береді. Ал «Қайрат» - ұлттық құраманың базалық командасы болады.