Бразилиялық боксшы Головкинмен жекпе-жегі туралы мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Орта салмақтағы бразилиялық боксшы Эскива Фалькао (28-0, 20 КО) жергілікті БАҚ-қа берген сұхбатында орта дивизиондағы IBF және IBO чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) жекпе-жек өткізетінін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Бразилиялық боксшы Головкинмен жекпе-жегі туралы мәлімдеді

«Даталар әзірге бекітілген жоқ. Дегенмен, барлық жағдай классификациялық айқас тамызда өтетінін көрсетуде. Мен қазіргі әлем чемпионы, Қазақстан өкілі Геннадий Головкинмен кездесуім керек. Бұл – мен үшін жақсы айқас болатынына сенімдімін. Жекпе-жек Лас-Вегаста өтеді», - деп Э.Фалькаоның сөзін келтіреді Lance.com.br.

Айта кетейік, Эскива Фалькао әуесқой бокста 2011 жылы әлем чемпионы және 2012 жылы Олимпиаданың күміс жүлдегері болды.