Бразилиялық футболшылар мінген автобус апатқа ұшырады

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Бразилиялық  «Васко да Гама» жасөспірімдер футбол клубының  ойыншыларын таситын автобус апатқа ұшырап,  салдарынан кем дегенде 22 адам зардап шекті.

Бразилиялық футболшылар мінген автобус апатқа ұшырады

Бұл туралы Esporte  жазды. Оқиға Рио-де-Жанейро таулы аудандарының бірінде орын алды. 17 жасқа дейінгі жас футболшылар «Фрибургенсе» командасымен болған матчтан келе жатқан. Басылымның ақпаратына қарағанда, автобусқа 30-ға жуық адам мінген. Зардап шеккен 22 спортшының 3-еуінің жағдайы ауыр. Апаттың егжей-тегжейі  әзірге белгісіз.