Бразилиялық қақпашы «ұялғаннан» ойын ортасында таксимен үйіне кетіп қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бразилиялық қақпашы Фабио Гонсалвес алаңның ортасынан соғылған допты жіберіп алды. Бұл оның "Фигейренсе" клубы үшін ойнаған алғашқы әр соңғы ойыны болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Globo Esporte сайтына сілтеме жасап.

Бразилиялық қақпашы «ұялғаннан» ойын ортасында таксимен үйіне кетіп қалды

Бразиялияның ішкі чемпионаты аясында өткен ойында "Фигейренсе" мен "Боа" командалары кездескен болатын. Осы матчта қақпашы Фабио Гонсалвес екі бірдей допты жіберіп алды. Екеуі де бірінші таймда соғылды. Бірінші доп алаңның ортасынан кірсе, екінші доп пенальтиден соғылды. Содан үзіліс басталғанда Гонсалвес ештеңе айтпай, такси шақырып, кетіп қалды. Ойынға қайтіп келген жоқ. "Фигейренсе" клубы 38 жастағы голкипермен арадағы келісімшартты бірден бұзды. Сол ойында "Бао" 2:0 есебімен жеңіске жетті.