Бразилиялық Мишель Телоның әніне домбыра әуені ерекше әр берді

АСТАНА. 9 сәуір. ҚазАқпарат - Астанада ерекше патриоттық флешмоб-акциясы өтті. Сауда ойын-сауық орталықтарының бірінде 100-ден астам жастар бразиялық әнші Мишель Телоның (Michel Telo) орындауындағы  әлемге танымал «Неймар биін» биледі.
None
None

 «Nosa Nosa» әнінің ырғағына домбыраның әуені қосылды. Танымал әуеннің ырғағына билей кеткен жастар өз қимылдарын қосып, биді одан сайын қыздыра түсті. Ұйымдастырушылар бразилиялық өлеңнің соңғы қайырмасын өзгертіп, жуырда бастау алған «Болашақ бүгіннен басталады! атты іс-шараның ұранын қосты. Осылайша бұл өлеңнің «қазақи  нұсқасы» пайда болды.

Жексенбіде өткен «Болашақ биі» акциясы белсенділерді жинады. Олар Қазақстанның Жастар Конгресі және «ҚазБренд» қоғамдық қорымен Youtube сайтында жарияланған бейнеге үн қатуды жөн көрген. Енді ұйымдастырушылар өткізілген флешмобта түсірілген бейнені Интернетке жариялап, Nosa Nosa ырғағының қазақстандық нұсқасынан рингтон жасамақ. 

Биге қатысты қысқаша айта кетсек, бразилиялық әнші Michel Telo-ның орындауындағы  "Ai se eu te pego" әні барлық музыкалық хит-парадтардан көрінді. Әннің танымалдылығына гол соғылғаннан кейін осы әннің әуеніне Ai Se Eu Te Pego қимылдарын жасайтын футболшылардың «жарнамасы» септігін тигізді. Осыдан кейін түсірілген бұл бейнекөрініс бүкіл әлем бойынша таралды. Бидің қызық та, еліктіре түсер қадамдарын бірінші орындаған бразилиялық футболшы Неймардан кейін бұл жастар арасында танымал бола бастады.

«Қазақстанда сәуірде республикалық ақпараттық әлеуметтік «Болашақ бүгіннен басталады!» атты іс-шара басталды. Осыған орай Астана қаласының жастары флешмоб өткізу арқылы іс-шараны қолдауды жөн көрді», - дейді Қазақстан Жастар Конгресінің өкілі Инара Кәрібаева.

Соңғы жаңалықтар