Бразилиялық түрмедегі бүлік: екі адамның басы кесілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бразилияның Парана штатындағы түрмеде шыққан бүлік салдарынан 4 сотталушы қаза тапты.
None
None

Билік өкілдерінің сөзіне қарағанда, көз жұмғандардың екеуінің басы шабылған.

Түрме әкімшілігіне наразылық білдірген шамамен 700 сотталушы жексенбі күні таңертең бүлік шығарды.

Қазіргі уақытта билік өкілдері бүлікшілермен келіссөздер жүргізуде. Бүлік шығарғандар түрменің шатырында тұтқын ретінде 2 бақылаушы мен бірнеше сотталушыны ұстауда.

Соңғы жаңалықтар