Бразилиялық жүргізушілер Қызыл кітапқа енген жалды қасқырды «тірілтіп» алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бразилияның Примавера-ду-Лести қаласына жақын жерде екі тұрғын халықаралық Қызыл кітапқа енген жалды қасқырды өлімнен арашалап қалды.
Жүргізуші мен оның серіктесі жүк көлігінің шанағында ес-түссіз жатқан жыртқыш аңды тауып алған. Ер кісі аптап ыстық салдарынан қатты шөлдеген қасқырды жерге түсіріп, құрылыс каскасымен су құйып береді. Бірнеше минут өткеннен кейін жыртқыш аң есін жинап, қаша жөнелді.
Видеоны DailyMail жариялады.