Бразилиялық Зико ФИФА басшысының орнына таласпақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бразилияның танымал футболшысы Зико Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) басшысы қызметі үшін таласпақ.
None
None

Осындай шешімді ол ФИФА-ның қазіргі басшысы Зепп Блаттердің отставкаға кетуі туралы естігеннен кейін қабылдаған.

Қазіргі кезде Гоа үндістандық футбол клубын жаттықтырып жүрген 62 жастағы Зико «Фейсбуктегі» жеке парақшасында осындай мүмкіндіктен бас тарту себептерін көріп тұрмағанын жазды.

«Неге тырысып көрмеске. Менің бүкіл өмірім футболмен байланысты. Бразилияда да, өзім болған басқа елдерде де футболға қашанда құрметпен қарадым», - деп жазды ол, әзірге бұл идея туралы ойланып жүргенін атап өтіп.

Зико Бразилияның ең танымал клубы «Фламенконың» үздік спортшысы. Ол әлемнің үш чемпионатына қатысқан. 1990 жылдары Бразилияның спорт министрі қызметін атқарды.

Соңғы жаңалықтар