Бразилияның экс-президенті Болсонару ұсталды

АСТАНА. KAZINFORM — Бразилияның бұрынғы президенті (2019–2022) Жаир Болсонару мемлекеттік төңкеріске қатысты іс бойынша 27 жылға сотталып, бұл шешімге апелляция беріп, үйқамақта болған кезінде ұсталды, деп хабарлайды ТАСС.

Экс-президент Бразилии обвиняется в предполагаемом государственном перевороте
Фото: indiatoday.in

Бұл туралы Reuters. агенттігі саясаткердің адвокатына сілтеме жасап хабарлады.

11 қыркүйекте Болсонару 2023 жылдың қаңтарында Лула да Силва билікке келуін болдырмау мақсатындағы құпия жоспарға қатысы бар деп табылған. Қазан айының соңында Болсонару адвокаттары соттың шешіміне апелляция берген. Қорғаушылар Болсонару сот шешімінде қателіктер бар деп санайды және осы себептен оны 27 жылға соттаған шешім дұрыс емес деп есептейді.

Reuters агенттігімен тілдескен адвокат экс-президенттің ұсталу себептерін нақты атай алмады.

Агенттіктің мәліметіне қарағанда, билік Болсонаруға қатысты қабылдаған шешім – оның үйқамақта болғанына байланысты алдын алу шарасы. Сот процесіне дейін Болсонару үйқамақ режимінде болған. Қорғау оның денсаулығын ескеріп, үйқамақты сақтау үшін әрекет жасайды деп күтіліп отыр.

11 қыркүйекте Болсонару 2023 жылдың қаңтарында Лула да Силва билікке келуін болдырмау жоспарына қатысы бар деп танылған. Істің материалдарына сәйкес, Болсонару мен оның ортасы, оның ішінде бірнеше әскери қызметші, Лула да Силва билікке кіріспес бұрын төңкеріс жасауға әрекет жасауды жоспарлаған және 2022 жылғы 15 желтоқсанда әрекетке көшуге дайындалған. Бұл күн жаңа сайланған президентке ресми куәлік берілгеннен кейінгі үш күн болатын. Ұйымдастырушылардың бірі Punhal Verde e Amarelo («Сары-жасыл пышақ») атты жоспар құрып, оған Лула да Силва мен Бразилияның вице-президенті Жералду Алкминді өлтіру мақсаты кірген.

Дегенмен Лула да Силваның инаугурациясына дейін төңкеріс әрекеті жасалмаған. 2023 жылдың қаңтарында, оның қызметке кіргеннен кейін, Бразилияның астанасында Болсонару жақтастары тәртіпсіздіктер жасап, үкімет ғимараттарын басып алуға әрекет жасаған. Биліктің бағалауынша, тәртіпсіздікке шамамен 5 мың адам қатысқан, 1,4 мыңнан астам адам ұсталған.

Осыдан бұрын Жаир Болсонаруға терінің қатерлі ісігі диагнозы қойылғаны анықталды.

Соңғы жаңалықтар