Бразилияның бұрынғы президентіне айып тағылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бразилия прокуратурасы елдің бұрынғы президенті Луис Инасиу Лула да Силваға айып тақты.

Бразилияның бұрынғы президентіне айып тағылды

Прокурорлардың айтуынша, Лула мен оның әйелі Гуаруха шипажайындағы пентхаусын декларацияламаған (жарияламаған).

Прокуратураның пікірінше, пентхаус ресми түрде OAS құрылыс фирмасының бақылауында. Бұл компания Petrobras мемлекеттік компаниясымен ірі сыбайлас жемқорлық дауына қатысы болуы мүмкін.

Petrobras ісі бойынша тергеу барысында ондаған ірі бизнесмен мен Жұмыс партиясының қызметкерлеріне қарсы қылмыстық іс қозғалды.

Жұмыс партиясы 2003 жылдан Бразилия билігінде тұр.

Бұл іс бойынша кезекті тергеу амалдары аясында полиция Рио-де-Жанейро, Сан-Паулу және Баия штаттарында 33 тінту жүргізіп, 11 адамды қамауға алды, деп жазады Би-би-си.