Бразилияның Президенті мен ФИФА бас хатшысы Наталда жаңа стадион ашты

АСТАНА. 23 қаңтар. ҚазАқпарат - Бразилия Президенті Дилма Роуссефф пен ФИФА-ның бас хатшысы Жером Вальке Натал қаласындағы «Арена-дас- Дунас» стадионын ашты.

Бразилияның Президенті мен ФИФА бас хатшысы Наталда жаңа стадион ашты

Аталмыш стадионда осы жылдың 12 маусымымен 13 шілде аралығындағы әлем чемпионатында төрт матч өткізіледі. Жаңа аренаның құрылысына 210 млн. доллар қаржы жұмсалды.

Жалпы, футболдан әлем чемпионатын өткізетін Бразилиядағы 12 стадионның құрылысы мен жөңдеу жұмыстарына 4 млрд. доллар жұмсалды. Жаратылған қаржы құрылысқа құйылған бастапқы инвестициядан екі есе көп. Бұл Бразилия халқының наразылығын тудырып отыр, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.