14:53, 19 Желтоқсан 2018 | GMT +5
Бразилияның солтүстігінде 600 үй жанып кетті
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Бразилияның солтүстігіндегі Манаус қаласында (Амазонас штаты) қатты өрттен кем дегенде 600 үй қираған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап.
2500-ге жуық тұрғын баспанасыз қалды. Өрттің шығу себебі әзірге белгісіз. Азаматтық қорғаныс қызметі өкілдерінің дерегі бойынша, бұл өрт ауқымы бойынша өңір тарихында екінші болып тұр.
Манаус қаласы - Амазонас штатының әкімшілік орталығы. Ол Амазонка өзенінің жағалауында орналасқан. Халық саны - 1,8 млн. Манаусқа туристер көп келеді, себебі Амазонкаға экскурсия жасау осындағы порттан басталады.
Фото: Суами Бейдун / AGIF / Estadão Content