Брэд Питт Анджелина Джолидің жаңа фильміне түседі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Брэд Питт жары Анджелина Джолидің бірге тағы бір жаңа фильміне түспек. Бұл режиссерлік жоба «Африка» деп аталады.

Брэд Питт Анджелина Джолидің жаңа фильміне түседі

Фильм сюжетінде 80-жылдардың соңында кениялық браконьерлерге қарсы соғыс ашқан Ричард Ликидің басынан кешкендері туралы баяндалады. Сондай-ақ Лики ерте замандағы адамдардың сүйегін тапқан палеоантрополог ретінде танымал.

Шетелдік БАҚ-тың хабарлауынша, картинамен жұмыс осы жазда басталады.

Айта кетейік, Брэд Питт пен Анджелина Джоли жақында «Теңізде» атты мелодраманың түсірілімін аяқтаған болатын. Жобаның қоюшысы Джолидің өзі болған.