Брэд Питт, Леонардо Ди Каприо және Роберт Де Ниро екі күннің ішінде $13 млн. тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Голливуд әртістері Брэд Питт, Леонардо Ди Каприо және Роберт Де Нироның әрқайсысы екі күннің ішінде 13 млн. доллардан тапты.
Мұны бейсенбі күні New York Post газеті хабарлады, олар Макаодағы Studio City ойынханасын ашуға арналған жарнама ролигіне түскені үшін осынша қаламақы алды.
Жарнаманың режиссері Ди Каприомен және Де Ниромен бұрыннан ынтымақтасып жұмыс істейтін Мартин Скорсезе болды. Роликке сценарийді халыққа кеңінен танымал "Клан Сопрано" (The Sopranos) сериалының авторы Теренс Уинтер жазды. Шағын фильмнің бюджеті, газет деректеріне сүйенсек, 70 млн. долларды құраған.
Скорсезе жобасына түсу үшін Питтке Мальтадағы бал айын үзуге, Нью-Йоркке ұшып келуге тура келді. Өткен сенбіде 50 жастағы «Оскар» сыйлығының иегері әртіс Анджелина Джолимен некелескен болатын. Той рәсімі Францияның оңтүстік-шығысында Мираваль қорғанында өтті.
Ойынхананың ашылуы келесі жылға жоспарланған. «Жұлдызды» ролик те сол кезде экранға шықпақ.