Брэд Питт пен Анджелина Джолидің бірінші шарабы бірнеше сағатта сатылды

АСТАНА. 9 наурыз. ҚазАқпарат - Брэд Питт пен Анджелина Джоли қалың бұқараның назарына өздерінің шарап өсірудегі еңбегінің алғашқы жемістерін ұсынды. 2008 жылдан бері Голливуд жұбының иелігіндегі Прованста Шато Мираваль доменінің алқызыл шарабының партиясы бірнеше сағатта сатылды.
None
None

«Анар, өрік және таңқурай дәмдері бар бай гамма балғындық сезімін қалдырады», - деп атап өтеді шарап бойынша танымал маман Марк Перрен. Оны Питт пен Джоли өздерінің жүзімдіктерін күту үшін жалдады.

«Мираваль» шарабының бастапқы бағасы онша жоғары болмады: бір жәшігі (алты бөтелке) 105 еуро тұрады. Әзірше жұлдыздардың есімдері шараптың атауында жоқ, бірақ артқы этикеткасында оны құрушылардың есімдері жазылды - Jolie-Pitt & Perrin. Бірақ, қайта сату кезінде шараптың бағасы көтерілетін секілді. Бірнеше мың бөтелкеден тұратын бірінші партия бейсенбі күнгі сатылымда бірнеше сағатта өтіп кетті.

Соңғы жаңалықтар