04:33, 12 Мамыр 2012 | GMT +5
Брэд Питт түріктің «Тамаша ғасыр» сериалына түседі
АСТАНА. 12 мамыр. ҚазАқпарат - Брэд Питт түріктің «Тамаша ғасыр» атты сериалының екінші бөліміне түсетін болады. Бұл туралы BNews.kz сайты хабарлайды.

CIHAN таратқан хабарға қарағанда, Анжелина Джоли мен Брэд Питт Түркияға келесі дүйсенбіде келеді деп күтілуде.
Түрік елінің БАҚ-тары сәрсенбі күні хабарлағандай, ерлі-зайыпты Голливуд жұлдыздарын Түркияның Cinebonus ірі кинотеатрлар жүйесін басқаратын Mars Entertainment Group компаниясы шақырған.
Кейбір ақпараттарға қарағанда, Брэд Питт атышулы «Тамаша ғасыр» фильмінің «Сұлтанның гаремі» деп аталатын екінші бөліміне түсу үшін 2 млн долларға келісімшартқа отырған. Онда Брэд Питт Сүлеймен сұлтанға қарсы шығатын еуропалық ханзаданың ролін сомдамақ.