Брекешев: Егін шаруашылығын органикалық әдіске тезірек көшіру қажет

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Егін шаруашылығын органикалық әдіске тезірек көшіру қажет. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілішсі.

Брекешев: Егін шаруашылығын органикалық әдіске тезірек көшіру қажет

«Өсімдік шаруашылығында егін шаруашылығын органикалық әдіске тезірек көшіру қажет. Дәстүрлі әдіспен өсірілген өнімдермен салыстырғанда органикалық азық-түлік бағасының жоғары болуына қарамастан әлемдік сұраныс артып келе жатыр. Органикалық азық-түлік экспорты саласына мемлекеттік қолдау көрсету де қажет», - деді ол «Париж келісімінің мақсаттарына қол жеткізу жолдары және Қазақстанның көміртегі бейтараптылығы» халықаралық конференциясы барысында.

Оның атап өтуінше, мал, құс басының өсуі де биогаз қондырғыларын кеңінен таратуға қатысты іс-шараларды талап етеді.

«Мал мен құс басының артуы мал шаруашылығы қалдықтарын қайта өңдеу үшін биогаз қондырғыларының кеңінен тарату бойынша іс-шараларды қабылдау қажеттігін көрсетіп отыр», - деді Серікқали Брекешев.