Брэндон Боченски КХЛ-да «Барыстың» ең тез соғылған шайбасының иесі болды
АСТАНА. 17 қыркүйек. ҚазАқпарат - Америкалық шабуылшы Брэндон Боченски астаналық «Барыстың» Континентальды хоккей лигасының (КХЛ) жарысындағы ең тез соғылған шайбасының иесі болды, деп хабарлады Vesti.kz.
Бұл омбылық "Авангард" клубына қарсы ойында болды. Америкалық хоккейші кездесудің 22-ші секундында есеп ашты. Бұл шайба КХЛ ең тез соғылған шайбалардың тізімінде екінші орында екендігін атап кеткен жөн. Бұл тізімде бірінші орында хабаровскілік "Амурдың" ойыншысы Дмитрий Тарасов тұр, ол 2012/2013 маусымында ойынның 21-ші секундында гол салған.
Осыған дейін КХЛ «Барыстың» құрамында ең тез соғылған шайбаның иесі болып Андрей Гаврилиннің голы саналып келген болатын. Оның 2010/2011 маусымдағы көрсеткіші - 4 минут 22 секунд.
"Барыс" пен "Авангард" арасындағы ойын Астанадағы "Қазақстан" спорт сарайында өтіп жатқандығын естеріңізге саламыз. Оны тікелей эфирде KazSport телеарнасы көрсетуде.
Америкалық шабуылшы кездесудің 22-ші секундында есеп ашты.