Брэндон Кук Астанадағы жаттығуынан бейне жазба жариялады

None
None
АСТАНА.ҚазАқпарат - Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Исламның (24-0,19КО) кезекті қарсыласы, канадалық Брэндон Кук (18-0, 11КО) YouTube каналында өз жанкүйерлері үшін Қазақстанда түсірілген алғашқы бейнежазбасын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Видеодан Кук 30 тамыз күні канаданың Эйджакс қаласынан Астанаға қарай жолға шығып, 10 сағаттық сапардан кейін түнгі сағат 3-те Астана қаласының «Алау мұз айдыны» қонақ үйіне келіп жайғасқанын көруге болады.

Канадалықтың айтуынша, уақыт айырмашылығына байланысты олар Астанаға жеткеннен кейін ұйықтай алмаған. Сондықтан, «Астана арена» стадионының алдындағы алаңда бір жарым сағат бойы жаттығу жасаған.

Кук Астанада судың тұзды екенін, сондай-ақ, олар Канададан 40 Фунт (19 кг) тауық етін және су алып келгенін айтты.

Соңында боксшы өзінің жеңісіне сенімді екенін, әйтсе де аздап қобалжу бар екенін де жасырмады.

Еске сала кетейік, 9 қыркүйек күні ЭКСПО-2017 аясында «Сарыарқа» велотрегінің алаңында бокс кеші өтеді. Жеңіліп көрмеген қазақстандық Қанат Ислам мен канадалық Брэндон Куктың айқасы - басты оқиға болады. Сондай-ақ осы жекпе-жектің андеркартында қазақстандық 8 боксшы шаршы алаңға шығады.

Соңғы жаңалықтар
telegram