Брэндон Кук: Қанатпен айқасты асыға күтіп жүрмін

АСТАНА.ҚазАқпарат - Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Исламның (24-0,19КО)  кезекті қарсыласы канадалық Брэндон Кук (18-0, 11КО) астанаға келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Қыркүйектің 9 күні Қазақстанның Сарыарқа велотрегінде бокс кеші өтеді. Бұл үлкен жекпе-жектің келіп жетуін асыға күтіп жүрмін. Менің командама өте керемет тәжирбе болады. Біз осындамыз және біз дайынбыз» -, деп жазды канадалық боксшы өзінің Instagram-дағы парақшасында.

Еске сала кетейік, Ислам - Кук жекпе-жегі 9 қыркүйек күні Астанадағы «Сарыарқа» велотрегінде өтеді. Отандасымыз бірінші орта салмақтағы WBO NABO және WBA Inter-Continental белдіктерін қоғайды. Сондай-ақ осы жекпе-жектің андеркартында қазақстандық 8 боксшы шаршы алаңға шығады.

Сондай-ақ, ғаламторда Қанат Ислам  - Брэндон Кук айқасының жаңа промо-ролигі шықты.

 

 

Соңғы жаңалықтар