Brent бағасы 15 тамыздан бері алғаш рет $47 межеден түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондон биржасында электронды сауда кезінде Brent маркалы мұнайдың бағасы 15 тамыздан бері алғаш рет 47 доллардан арзандады, деп жазады Gazeta.ru.

Brent бағасы 15 тамыздан бері алғаш рет $47 межеден түсті

Мәскеу уақытымен 19.37-де Brent маркалы мұнайдың қазан айына жеткізілім бойынша фьючерсі 3,6% арзандап, $46,98 болды.

WTI маркалы жеңіл мұнайдың қазан айына жеткізілім бойынша фьючерсі 3,5% арзандап, $45,39 болды.