Brent баррелінің бағасы үш айдағы рекордық өсімді көрсетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сейсенбі күнгі Нью-Йорк тауар биржасында Brent маркалы мұнай баррелінің бағасы 4,8% қымбаттады, деп хабарлады Би-би-си.
None
None

Бұл бір сауда күнінде өскен Brent құнының ең жоғары көрсеткіші.

Сейсенбі күні Лондон биржасында да Brent баррелінің бағасы дүйсенбімен салыстырғанда екі долларға көтерілді. Рейтер агенттігі сауалнамасына қатысқан талдаушылар бұл өсімнің уақытша екенін айтуда, себебі жақында жарыққа шығатын ОПЕК айлық есебі бағалардың одан әрі өсуіне әсер еткі мүмкін.

Соңғы 13 жыл ішінде айтарлықтай құлаған мұнай бағасы бірнеше айда қайта өсе бастады. Жыл басында Brent маркасының шикізат құны барреліне 28 долларға дейін түскен еді. 26 мамыр күні Brent мұнайының құны өткен жылдың қарашасымен салыстырғанда 50 доллардан асқан. 

Соңғы жаңалықтар