Brent маркалы мұнай бағасы 35 долларға өсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкадағы бұрғылау ұңғымаларының азаюы туралы жаңа деректер жариялағаннан кейін мұнайға бағасы өсті, деп хабарлады Bloomberg агенттігі.

Brent маркалы мұнай бағасы 35 долларға өсті

Baker Huges деректеріне қарасақ, ұңғымалар саны 13 пайызға - 400-ге дейін, 2009 жылғы ең төменгі деңгейге түскен. Көрсеткіштің төмендеуі 10 аптадан бері жалғасуда.

ICE Futures Лондон биржасында Brent маркалы мұнайға сәуір фьючерстері сағат 11:00-де 1,2 пайызға - барреліне 35,51 долларға дейін қымбаттады.

Нью-йорк тауар биржасында (NYMEX) сәуірге WTI мұнайына фьючерстік белгілеу 0,5%-ға - барреліне 32,94 долларға өсті.