Brent маркалы мұнай бағасы 58 доллардан асты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне 58 доллардан асты, деп хабарлады Утро.ру.
Мәскеу уақытымен 16-03-те өткен сауда келісімінде Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 58,13 доллар болған. Бұл алдыңғы сауда келісімінен 0,57 пайызға жоғары.