Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 90 доллардан төмендеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Brent маркалы мұнайға қараша фьючерсінің бағасы бейсенбі күні, 9 қазанда баррелі 90 доллардан төмендеп, 89,97 доллар деңгейінде болды. Мұнайдың осы сортының бағасы бұған дейін 2012 жылғы маусымда осылайша құлдыраған болатын, деп хабарлады РБК.

Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 90 доллардан төмендеді

Кейінірек бұл бағам белгіленімі аздап көтеріліп, осы материалды даярлау үстінде Brent мұнайы 90,13 долларға сатылды. Аталған күндегі ең жоғары көрсеткіш 91,85 доллар деңгейінде тіркелді, дегенмен сауда сессиясының басым бөлігі тұрақты түрде төмендеп отырды.

WTI маркалы мұнайдың бағасы АҚШ-та шикі бензин қорының өсуімен байланысты 2 тамызда баррелі 90 доллар деңгейінде төмен түскен болатын.

Мұнай бағасы үшінші ай бойы әлемдік нарықта осы тауарға ұсыныстың өсуімен байланысты құлдырап отыр. Bloombergтің бұдан бұрын жарияланған шолуына қарағанда ОПЕК елдерінде қыркүйек айында мұнай өндіру артты, соның ішінде Ливия көшбасшылар қатарында болып, мұнай өндіру бір жылдан аса уақытта бұрынғы ең жоғары көрсеткішке жетті.

Мұнайға әлемдік бағалар ресей экономикасы үшін маңызды макроэкономикалық көрсеткіш болып табылады. Бұдан бұрын қыркүйекте Ресей банкі 2015 жылға және 2016-2017 жылдарға арналған ақша-несие саясаты жобасын жариялады, онда оқиғаның дамуының үш сценарийі қарастырылған.

Неғұрлым ақтимал сценарий ретінде әлемдік экономиканың бірте-бірте қалпына келуі және мұнай бағасының елеусіз төмендеуі қарастырылады. Онда мұнай бағасы 2014 жылдың басынан бастап орташа есеппен баррелі 106,5 доллардан бастап, 2017 жылы жыл ішінде орта есеппен 102,5 долларға дейін бірте-бірте төмендеуі қарастырылған.