Brent маркалы мұнай бағасы төмендеді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Лондон шикізат биржаларында бейсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша мұнай бағасы төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Лондондағы ICE Futures биржасында қыркүйек айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 0,68 долларға төмендеп, баррелі 63,18 долларды құрады.
Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) 4 шілде күні АҚШ-тың ұлттық мерекесі - Тәуелсіздік күнін тойлауға байланысты сауда-саттық жүргізілмеді.
Авторы: Асхат Ахметбеков