07:59, 22 Маусым 2016 | GMT +5
Brent маркалы мұнай бағасының баррелі 51 доллардан асты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Brent маркалы мұнайдың тамыз айында жеткізілетін фьючерстерінің құны Лондондағы ICE биржасында барреліне 51,07 долларды құрады. Бұған сауда-саттық мәліметтері куә, деп хабарлады ТАСС.

Кеше «Ресеймұнай» басшысы Игорь Сечин мұнай бағасы 2016 жылдың соңына дейін мұнай бағасыының баррелі 50-55 доллар болады деп мәлімдеген болатын.
РФ қаржы министрі Антон Силуанов журналистерге Қаржы министрлігі 2017-2010 жылдарға арналған бюджетте мұнай бағасын алдағы үш жылда барреліне 40 доллар есебінен жоспарлап отырғанын мәлімдеді.